Биыл шілде айында Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға арналған «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы басталған болатын, жобаны ұйымдастырушы - «Kazakh Tourism»

24.08.2018

Жоба Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Экспедиция еліміздің ең маңызды туристік кластерлерін, сондай-ақ Қазақстанның 14 облысының 11-і бойынша 6 бағытты қамтиды. «Сарыарқа» бағытының экспедициясын «QazaqGeography» РҚБ (Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы) «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен өзара ынтымақтастық меморандумы төңірегінде жүзеге асыруда.

20 тамызда «Сарыарқа» бағыты бойынша жолға шыққан төртінші экспедиция бүгін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына келді.
Бұл бағыт Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары арқылы өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан астам.
Алғашқы күндерде экспедиция қатысушылары «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен Баянауыл ұлттық саябағында болып үлгерді.
«Бұйратау» саябағындағы ең көрікті жерлердің бірі – Әжібай көлі. Ол табиғи тұйық шұңқырда орналасқан және саябақтағы ең ірі көлдердің бірі. Мұнда аса танымал бёрдвотчингпен (құстарды тамашалау) айналысуға болады. Бұл жерде көкқұтан мен үлкен аққұтан, аққулар, үйректер, балшықшы құстар– қызғыш пен шағала мекендейді. Құстарды тамашалау ұқыптылық пен тыныштықты талап етеді, сол үшін көл маңында арнайы таса жер дайындалған.
Баянауыл ұлттық табиғи саябағында экспедиция қатысушылары Баянауыл тауларының терістік бөктеріндегі Торайғыр көлінің жағасына аялдады. Бұл өңірдің сұлулығын ешкімді бейжай қалдырмайды: тұнық көл, жартасты жаға мен сырға толы орман – өмір нәрі, әрі шығармашылық шабыттың қайнар көзі. Жалпы алғанда Баянауыл тарихы бай, табиғаты көркем жер, ол туралы аңыз-әпсаналар өте көп.
Торайғыр көлі балық аулаумен әуестенетіндер арасында аса танымал, мұнда балықтың сан алуан түрі кездеседі.
Көл жағасында археологиялық ескерткіш – Тасмола бар. Бұл киелі жердің тарихы ежелгі темір дәуірінен басталып, екі мың жылдан асады. Бұл жерді Баянауыл Стоунхенджі деп те атайды, мұнда адамдар құрбан шалып, күнге табынған.
Тасмоланың жанындаға бұлақ басынан біздің дәуірімізге дейінгі VIII–VI ғасырлардағы тасмола мәдениеті жауынгері табылған.
Қазақстандағы сұлу көлдердің бірі – Жасыбай – саяхатшылардың бағытындағы келесі пункт. Бұл көл - Баянауыл саябағындағы ең таза, әрі көлемі жағынан екінші орындағы көл. Бұл - туристердің сүйкті орны және мұнда инфрақұрылым біршама дамыған. Көл жағасында демалыс үйлері мен балалар лагері бар. Көлдің және көл маңындағы табиғаттың сұлулығына көз тоймайды. Сондықтан жергілікті халықтың оны «екінші Швейцария» деп атауы тегін емес.
Енді экспедиция қатысушылары картадағы кезекті көл – Қарағанды облысы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы Шайтанкөлмен танысады.
Қарқаралыда экспедиция қатысушылары Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаев салдырған мешітке барды. Бұл Қазақстандағы ең ескі мешіттердің бірі, 160 жылдан астам уақыт оның есігі құлшылық етем деушілерге ашық. Саяхатшыларды Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов бастаған аудандық әкімшілік күтіп алды
Жоба қатысушылары экспедиция барысында әлі де көптеген көлдерді, тарихи орындар мен басқа да ескерткіштерді көретін болады. Бағыт картасында тағы екі ұлттық саябақ: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық саябағы мен «Сарыарқа» нысаны құрамында ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының тізіміне кіретін (Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері) «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы бар.
Бұл табиғи саябақтардың әрқайсысы қатысушыларды тамаша табиғатымен, табиғи және тарихи бірегей ескерткіштерімен, жаңа жарқын әсерлерімен қуантады.
«Қазақстанда 12 ұлттық табиғи саябақ бар, олардың үшеуі осы бағыттың картасында. Олардың әрбірінің өз қайталанбас, бірегей сұлулығы бар, оны сақтау кез келген қазақстандықтың бірінші міндеті болуы керек», - деп экспедиция жетекшісі Нұржан Алғашов бөлісті.
Экспедиция құрамында саяхатшылар, телевизия журналистері мен туроператорлардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер: ресейлік тревел-блогер Елена Хачина мен қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек бар екенін естеріңізге саламыз.
Экспедиция 4 қыркүйекке дейін жалғасады. «Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы аясында тағы екі бағыт бар, олар: Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары аумағы арқылы өтетін «Теңізден теңізге дейін» және Түркістан, Жамбыл, Алматы облысытарының аумағын аралайтын «Жаңа Жібек жолы». «Жаңа Жібек жолы» бағытына National Geographic Ресей телеарнасының командасы қатысады.
Экспедиция қорытындысы бойынша, «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға баруға қатысты арнайы бағдарлама ашылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі «Хабар» агенттігі. «Сарыарқа» бағытының қосалқы ұйымдастырушысы «QazaqGeography» РҚБ (Қазақстандық ұлттық географиялық қоғам).

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...