Шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлерден, телевизиялық журналистер мен туроператорлардың өкілдерінен құралған экспедициялық топ «Ұлы Дала Eліне саяхат»

14.08.2018

Жобаны елордамыз- Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде Мәдениет және Спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы жүзеге асырып отыр.
13 тамызда экспедиция үшінші бағыт – Жетісу Алатауына сапарға аттанбақ. Жобаға қатысушылар жеті өзен безендірген, белестер мен таулар қоршаған аумақтағы киелі жерлерді аралап шығады.
Экспедиция құрамында телевизиялық журналистер, туроператорлардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер бар: Швейцариялық фотограф-пейзажшы Кай Гроссманн, британдық саяхатшы әрі фотограф Джэк Хардин, қазақстандық тревел-блогер Андрей Кулагин.
Бағыттың айрықша жерлерінің бірі, патша қорғаны деп аталатын нысан –Бесшатыр. Бұл – «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аймағындағы Іле өзенінің бойында орналасқан сақ дәуірінің қабірлер кешені.
Жоспардағы тағы бір ерекше нысан – Айғай құм. Ол өзінің бірегей қасиеті үшін солай аталған: құрғақ күндері құмнан айғайға ұқсас дыбыс шығады. Батыстан ескен жел құмды ұшырғанда, шөл даланың төсінде орган кернейі орналасқан сияқты болады. Саяхатшылар бұл жерден сыры одан кем түспейтін, жасы 700-ге таяп қалған ағашқа баруды жоспарлауда.
Ақтау мен Қатутау өздерінің айрықша келбетімен танымал: олар мыңдаған жылдар бұрын суып қалған шағын жанартаудың атқылауынан түзілген деген болжам бар.
Экспедицияның алғашқы бағыты –«Тянь-Шань маржандары» сапары барысында қатысушылар қазақ елінің ежелгі салттарының бірі – бүркітпен аңға шығумен танысқан еді. Ал осы жолы олар тағы бір бүркітшімен кездесіп, оның өнерін тамашалайтын болады.
Одан басқа, Шажы өзенінің саласындағы Жетісу аяқтыбалығы мекендейтін жерлерді, тіпті жолдары болса, Халықаралық Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануардың өзін көре алады.
Экспедиция мүшелері басқа да жерлерге барып, қызыққа куә болмақ. Атап айтсақ Көксу өзені бойымен салмен жүзіп, Баян Жүрек таулары мен Бүйен өзеніне, Бұрқан-бұлақ сарқырамасы мен Жасылкөлге, Тентек өзені мен Атапқан асуына, Тастау базасы мен Қойлық қалашығына бару жоспарланған.
«Жетісу алқабы – бірнеше ғасырлардың құпиясы мен аңыздарын сақтап келе жатқан айрықша жер. Бұл аймақтардан адамдардан қорықпайтын жануарларды немесе адам аяғы баспаған асуларды кездестіруге болады. Ежелгі темір және қола дәуірінен қалған көптеген ескерткіштер де бар. Бұл бағыт көшпелі елдің мәдениеті мен табиғи нысандардың пәк сұлулығына тәнті болғысы келетін туристерге өте қызық болады деп ойлаймын», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Күзембаев Рашид Талапұлы.
Экспедиция қорытындысы бойынша «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға бару жөнінде арнайы бағдарлама шығарылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі - «Хабар» Агенттігі.

Анықтама:
 
Экспедицияның келесі бағыттары төмендегі облыстар бойынша жалғасады:
  • Ақмола, Павлодар, ҚарағандыҚостанай облыстары – Сарыарқа;
  • ҚызылордаАқтөбеМаңғыстау облыстары – Теңізден теңізге дейін;
  • Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары – Жаңа Жібек жолы;
«Жаңа Жібек жолы» бағытына National Geographic Ресей телеарнасының тобы қатысады.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...