Туристік экспедиция мұнайшылар қаласы – Жаңаөзенге жетті

19.09.2018

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған экспедициялар сериясының бесіншісі - «Теңізден теңізге дейін» экспедициясына қатысушылар Жаңаөзен қаласына келді.
«Теңізден теңізге дейін» экспедициясы Арал және Каспий теңіздері аралығындағы табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысуды көздейді. Экспедиция Қызылорда облысындағы Қамбаш көлі мен Арал теңізінен басталды. Содан соң, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылына барды.
Бейнеуден асқан соң Үстірттің Батыс шыңынан шығысқа қарай орналасқан Тұзбайыр сорына жетіп, экспедиция мүшелері тұз бен әктің ақ түсі мен ашық аспанның көк түсінен тұратын таңғажайып пейзажды көру мүмкіндігіне ие болды.
Кейін экспедиция Тұзбайырдан шығып, Бозжыра алқабына бет алды. Бозжыра – борлы таулармен және қалдық таулардың сүмбісімен безендірілген Үстірт жотасындағы ең көрікті жарқабақ. Осы сүмбілердің ішіндегі ең танымал екеуі азуға ұқсап, көкке шаншылып тұрады. Көз қарықтыратын кіршіксіз ақ түстің сұлулығынан қоршаған ортаның ұлылығын сезінуге болады дейді экспедицияға қатысушылар.
"Бозжыра - Маңғыстау облысындағы ең әдемі жер, шөп өспейтіндіктен, бұл жер айдың бетіне өте ұқсас. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген мешіттер, әртүрлі тарихи және мәдени орындар бар", - деді Үстірт қорығының директоры Устадов Жалғас Адықанұлы.
Маңғыстау облысы табиғи сұлулыққа қоса, жер асты ресурстарына да өте бай өлке. Қазақстан мұнайының 25%-ы осында өндірілетіні белгілі. Жаңаөзен – мұнай кен орындарының ашылуы нәтижесінде салынған қалалардың бірі.
Бұдан ары экспедициямыз Айрақты-Шоманай «қорғандар алқабына» барып, кезінде шыңында Ұлы Жібек жолының керуендерін күзеткен қорған салынған, бүгінде аңызға айналған Шерқала тауын тамашалайды. Содан кейін Маңғыстаудың Кремний алқабындағы Қапамсай шатқалына ат басын бұрады. Бір кездері екі үлкен борлы шыңның арасымен ағып жатқан, бұл күнде тартылып қалған өзен аңғарында ғасырлық ағаштар өскен тоғай бар.
Сарытас шығанағы маңына жете бере экспедиция құрамы осы өңірдегі тағы бір ерекше орын – Сұлтан-Үпі жер асты мешітіне соғады. Бұл шыңға ойып салынған, бірнеше бөлмеден тұратын кешен. Мешіт ең көне ғибадатхана болғандықтан, мұнда мінәжат етушілер әлі күнге дейін келіп тұрады.
Саяхатшылардың жолындағы тағы бір табиғи ескерткіш – сазды-құмдақтың сулануы нәтижесінде пайда болған геологиялық орасан шөккін – Жығылған ойпаңы. Ұшы-қиырсыз дала күтпеген жерден үзіліп, кей жерлерде биіктігі 50 метрге дейін жететін жарқабақ көруге болады. Осы жерден экспедиция қатысушылары Каспий теңізінің жағалауынадағы Ақтау қаласына қарай жол тартады.
«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын, ал негізгі ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы екенін естеріңізге саламыз.
Жоба аясында соңғы алтыншы бағыт «Жаңа Жібек жолы» қалып отыр, ол Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағын қамтиды. Бұл бағытқа National Geographic Ресей телеарнасының командасы қатысады.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...