Жетісу Алатауы: ғасырлар қойнауына көз жіберу

20.08.2018

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы төңірегінде Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеп жүрген экспедиция тобы Жетісу Алатауы бағыты картасындағы кезекті пункт Сарқан қаласына келді.

13 тамызда қатысушылар осы өңірдегі табиғаттың әсем де, тылсым сұлулығы мен тарихи ескерткіштерін көру үшін Алматыдан жолға шыққан болатын.

Бесшатыр қорымы – бізге ғасырлар тереңінен жеткен, құпиялары әлі толық ашылмаған сырға толы жерлердің бірі,. Бір қарағанда ретсіз орналасқандай көрінетін көлемі әртүрлі тастар – шын мәнінде сақ дәуіріндегі көмбелер кешені. Ол Іле өзенінің бойында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында орналасқан. Ең үлкен қорғанның диаметрі 108 метр, биіктігі 17 метр. Ірі қорғандардың айналасында шеңбер түрінде тігінен қойылған ұзыншақ 8 үлкен тас, яғниқадатастарорналасқан. Тастардың орналасу тәртібі және сыртқы көрінісі әйгілі Стоунхендж ескерткішін еске салады.
Содан соң экспедиция қатысушылары таңғажайып табиғи нысан – Айғай құммен танысты. Бұл –ақшыл құмнан тұратын тау. Оның ұзындығы 3 шақырым, ал биіктігі - 150 м. Құм шағылының бір қасиеті бар: ол құрғақ күндері ерекше дыбыс шығарады. Жел құмды үйіре отырып, батыстан соққанда, кең даланың дәл ортасында орган түтігі тұрғандай әсер қалдырады.
«Алтынемел» ұлттық саябағының бар сұлулығын көру үшін көп уақыт қажет. Экспедиция бағдарламасы шектелген уақытта көп нысан көру мүмкін болатындай құрылған. Осылайша, Айғай құмнан кейін саяхатшыларымыз осы өңірдің тағы бір көркі – шамамен 700 жыл жасаған алып ағашқабет бұрды. 
«Алтынемел» ұлттық саябағының атағын шығарған тағы бір қызықты геологиялық жер– Ақтау мен Қатутау. Олар саябақтың шығысында Алтынемел жотасының оңтүстігіне қарай орналасқан.
Бір уақыттарда осы мекенде толқыпжатқан мұхиттың түбіндегі шөгінді қабаттар миллиондаған жылдар бойы сығыла отырып, көркіне көз тоймайтын Ақтау ландшафтын құрған. Бұл шөгінділердің биіктігі кей жерлерде 1000 метрге дейін жетеді. Таудың бұлай аталуы шөгінді құрамында ақ түстің көп болуынан. Бірақ шұбар түсті топырақ жартасқа әртүрлі рең береді. Бұл бірнеше мың жыл бұрын суыған шағын жанартаудың атқылауынан болуы мүмкін.
Экспедиция мүшелері сақтар дәуірінен қалған тағы бір дүниені көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл – Алматы облысының Ақсу ауданы аумағындағы Баянжүрек тауларында ерте темір дәуірінде жартасқа салынған сурет. Олар қатпарлы тастардан, әктастардан және құмдақтардан құралған.
Баянжүрек жоталарынан Бүйен өзені бастау алады. Сол жерден саяхатшылар биіктігі жағынан Орта Азияда екінші орынды иеленетін Бұрқанбұлақ сарқырамасына бет алды. Бұрқанбұлақтың үш көрнекі күркіремесінің биіктігі 114 м, төртіншісі төменнен көрінбейді. Жалпы биіктігі – 168 м.
Бұрқанбұлақ сарқырамасына барар жол аса күрделі, жолдың 20 шақырымын тек арнайы дайындалған жол таңдамайтын көлікпен жүріп өтуге болады.
Ары қарай экспедиция қатысушыларын осы бағыт бойынша Жасылкөл, Тентек өзені мен Атапқан асуы, Тастау базасы және Қойлық қалашығы күтіп тұр.
«Жолымыздың басы тарихи және табиғи ескерткіштерге толы болды. Осы нысандарда сақталған құпиялардың шымылдығын бір-бірден көтеріп, сол уақыттың ахуалын түсінуге тырысу керек болады. Шынымен де бұл керемет бағыт, ол туған жеріңнің жаңа қырларын ашып, тың білім іздеуге итермелейді», - деді экспедиция жетекшісі Іңкәр Меңаяқова.
Экспедиция құрамында телевизиялық журналистер, туроператорлардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, яғни швейцариялық фотограф-пейзажшы Кай Гроссманн, британдық саяхатшы әрі фотограф Джэк Хардин, қазақстандық тревел-блогер Андрей Кулагин бар екенін естеріңізге саламыз.
Жобаны Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша,Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай жүзеге асырушы – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы.
Экспедиция қорытындысы бойынша «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға бару жөнінде арнайы бағдарлама шығарылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі – «Хабар» Агенттігі.

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...