25.08.2018
Жоба қатысушылары Шығыс Қазақстанның жанға нәр беретін сұлу табиғатына тамсанып, шабыттанды. Экспедицияның құрамында шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, телевизия журналистері мен туроператорлардың өкілдері: Photosafari.KZ-тың фотографы Константин Киквидзе, ресейлік «Вояж» журналының мақалалар авторы Вероника Иванова, қазақстандық тревел-блогер Екатерина Кошко және тағы басқалары болды.
«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасының ұйымдастырушысы – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қолдауымен. Жоба Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.
Алдында атап өткендей, экспедиция Бұқтырма су қоймасын тамашалаудан басталды. Келесі күні саяхатшылар Катон-Қарағай ұлттық саябағына бет алды. Қатын мұздығы салаларының бірінде, теңіз деңгейінен 1685 м биіктікте орналасқан Қаракөлге барып қайтты. Ары қарай пайдалы қасиеттерге бай радон суларымен ерекшеленетін Рахман бұлақтарына сапар шекті.
Бағыт бойынша келесі нүкте – Берел қорғаны. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ,III-IV ғғ. археологиялық ескерткіш-мазар. Содан кейін эспедиция қатысушыларының жолы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында орналасқан, Қазақстанның ең көркем көлдерінің бірі – Марқакөлге қарай бағыт алды. Ол теңіз деңгейінен 1447 м биіктікте орналасқан. Көл айналасының табиғаты бірден көз тартады. Көл таулы жерде орналасқандықтан, айналасын қалың орман көмкерген. Көлдің жағасы бір жағынан тік құлама жартас, ал кейбір жерлерін көкшалғын жапқан.
Бұл жерденэкспедиция қатысушылары «жалынды жартас», «Рухтар қаласы» немесе Жердегі Марс бөлшегі деп аталатын Қиын Керіш шатқалының көркем де сиқырлы көрінісін тамашалауға бет алды. Бұл жердің аптап ыстығы мен бір тамшы судың болмауы аса көркем және тылсым атмосфера қалыптастырады. Қиын Керіш шатқалында сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жан-жануарлар мен өсімдіктердің түрлері бар.
Осы жердің Марс пейзаждарынан кейін саяхатшыларды, Зайсан көлінің жағалауында орналасқан, фотографтар мен жабайы пейзажды ұнатушылардың сүйікті орны Шекелмес мүйісі күтіп тұрды. Осы таңғажайып массивті зерттей жүріп, қатысушылар тас қиялардағы петроглифтерді кездестірді, иен даланың еліктірер хош иісін жұтып, Зайсан көлінің мөлдір тұнығын тамашалады.
Тағы 450 шақырым жол жүріп, саяхатшылар Тарбағатай тау алқабына келіп жетті. Ені 55 метрден аспайтын бұл таудың жалпы ұзындығы шамамен 300 шақырым. Тарбағатайдың ең биік нүктесі - Тастау шыңы (2992 м). Тарбағатайдан бастау алған көптеген кішігірім өзендер сол маңдағы алқапқа келіп құйылады, олар: Үржар, Әлет, Теректі, Қызықты және Тамырсық. Осы алқаптан шығысқа қарай 5 шағын көл жатыр.
Саяхат Алакөлде аяқталды. Бұл көл Қазақстанның ішкі су қоймаларының арасындағы үлкендігі бойынша екінші және еліміздің ағынсыз көлдерінің арасындағы жалғыз терең көл.
Шығыс Қазақстан өзінің балымен әйгілі. Бұқтырма су қоймасындағы Ясная Полянада болған қатысушылар жергілікті омартаға барып, балдың түр-түрінен дәм татты. Сондай-ақ олар арамен емдеу шарасын қабылдады. Бұл емді адам ұйқы кезінде қабылдайды екен. Омарта қожайынының айтуы бойынша, аралар – қолдарынан келмейтіні жоқ таңғажайып тіршілік иелері. Бұл ерекше емдік шара үлкен сұранысқа ие, оған адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді.
Катон-Қарағай ұлттық саябағының Бас директоры Сәлімбеков Жанболат Баталұлы экспедиция қатысушыларына ең қызықты және танымал туристік орындар жайлы әңгімелеп берді: «Ұлттық саябақтың ауданы - 643 477 га. Оның 40%-ы орман, қалған бөлігі жазық дала, таулар мен кұздар, сарқырамалар, өзендер мен көлдер. Қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі – жан-жануарлар әлемін қорғау және күзету. Сонымен бірге біз өз саябағымызға туристерді тартуға тырысамыз, инфрақұрылымымызды дамытамыз. Қазіргі таңда саябақта 13 бағыт бар. Туристердің арасында ең танымалдары: Қаракөл, Мұзтау, Көк көл сарқырамасы».
Экспедицияның қорытындысы бойынша «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға қатысты арнайы бағдарлама жасалатын болады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі «Хабар» агенттігі.
Похожее
01.03.2019 09:26
В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...
01.03.2019 09:25
Қазақстан, әлемнің көптеген елдеріндегідей, асығыс...
20.02.2019 09:28
Что такое раннее бронирование и какие новые...
20.02.2019 09:28
Алдын ала брондау деген не және 2019 жылы Қазақстан...
08.02.2019 10:01
Что такое авторские туры? В чем их особенность,...
08.02.2019 10:00
Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...